Мектеп туралы

Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөміш елді мекеніндегі №263 орта мектебі 1948 жылы бастауыш мектебі болып ашылған. Мектептің алғашқы меңгерушісі Жолдыбаев Көшербай болды. 1952 – 1977 жылдары аралығында Жалмағанбетов Жұмалы мектеп меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1977 жылдан 2009 жылға дейін Есенжолова Ақбибі мектеп басқарды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «100 мектеп – 100 аурухана» бағдарламасымен 2008 – 2009 жылдары 120 орындық жаңа мектептің салынуына байланысты 2009 жылы Шөміш бастауыш мектебі №263 Шөміш негізгі мектебі болып қайта құрылды. №263 Шөміш негізгі мектебін 2009 – 2012 жылдары аралығында Жаналиев Саттар басқарды. 2012 – 2013 жылдары Сейтов Ақәбіл директор болды. 2013 жылдан бастап Жаналиев Саттар қайта мектеп директоры болды. 2015 – 2016 оқу жылынан бастап мектебімізге орта мектеп статусы беріліп, «№263 орта мектебі» болып аталды. 2018 — 2019 жылдары аралығында Садықов Сәкен басқарды. 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап мектеп директоры Маханбетұлы Ержан атқаруда.

Рейтингі
Достарыңызбен бөлісіңіз
«Қызылорда облысының білім басқармасының Арал ауданы бойынша білім бөлімінің «№263 орта мектебі» КММ